ЛИТОСФЕРАЛЫҚ ТАҚТАЛАР

Тақталар тектоникасы

ЛИТОСФЕРАЛЫҚ ТАҚТАЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫ 

        Тектоникалық қозғалыстың және деформациялануы әсерінен жер қыртысы құрылымының өзгерісін зерттейтін геология ғылымының бір саласы – Тектоника

        Магманың астеносферада үздіксіз қозғалыста болып, литосфералық тақталардың дрейфін тудырады. Материктердің жүзіп
жүру мүмкіндігі туралы болжамының (Континенттік дрейф гипотезасы) негізін қалаушы неміс астрономы, геофизик - А. Вегенер.                                  Ғалымдар литосфералық тақталар қозғалысының үш бағытын анықтады:
1. Дивергенция – бұл литосфералық тақталардың алшақтау үдерісі, мұнда плиталар бір-бірінен қарсы жаққа қозғалады;
2. Конвергенция – бұл литосфералық тақталардың соқтығысу үдерісі, мұнда тақталар бір-біріне қарай қозғалады;
3. Трансформды – тақталар бір-біріне қатысты сырғиды және параллель түрде қозғала алады.

Литосфераның тектоникалық құрылысын – 7  ірі тақта құрайды (Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Үнді – Австралия, Антарктика, Тынық мұхиты) Кіші тақталардың саны – 10 ға жуық. Литосфералық тақталар жылына орта есеппен 2-5 см қозғалады.

             Жер бетінде ең ежелгі біртұтас материк - Пангея болған. Пангея литосфералық тақталар қозғалысы нәтижесінде Гондвана және Лавразия болып екіге бөлінеді. Уақыт өте келе, юра дәуірінде Гондванадан қазіргі Африка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида материктері, ал Лавразиядан Еуразия мен Солтүстік Америка материгі бөлініп шықты

Ерітілген магма жоғарыға көтеріле отырып, литосфера жиектерін ығыстырады және жер қыртысының созылу аймағын қалыптастырады. Осы аймақта жоғарыға өрлейтін магма ағындары қозғалатын үзілулер мен жарықтар пайда болады.

Рифтинг - екі материктік тақтаның бір-бірінен ажырауы. Спрединг - мұхиттық тақталардың бір-бірінен ажырауын айтамыз

 

Жер астеносферасындағы конвекционды ағындардың артуы литосфералық тақталардың соқтығысуына әкеледі. Бұл орындарды екі
үдеріспен қатар жүретін жер қыртысының қысылу аймағы деп атайды:
1. Салмағы ауыр мұхиттық тақтаның материктік тақтамен соқтығысу үдерісін субдукция деп атайды.

2 Екі материктік тақтаның соқтығысу үдерісі коллизия деп аталады

          Қорытындылай келе, конвекция арқасында литосфералық тақталардың үздіксіз қозғалыста болатынын айтуға болады. Литосфералық тақталардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде жер бедерінің жаңа формалары қалыптасады және жер бедерінің ағымдағы формаларының сырт келбеті өзгеруі мүмкін. Литосфералық тақталардың шегарасында орын алатын үдерістер әрқашан да тау түзілу, вулканизм, жер сілкіністері үдерістерімен қатар жүреді.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын көру үшін жүйеге кіріңіз