ЛИТОСФЕРАЛЫҚ КАТАКЛИЗМДЕР

Жанартаулар

Жер сілкінісі

Жер сілкінісі

     Литосфералық тақталардың қозғалысы жер сілкінісі, жанартау атқылауы және цунами секілді қатерлі табиғи катаклизмдерге әкеліп соқтырады. Литосфералық катаклизмдер — бұл литосферада (яғни жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігінде) болатын өте күшті, кенеттен және ауқымды болатын табиғи апаттар. Мұндай құбылыстар кезінде Жер беті мен құрылысы күрт өзгереді, тау жоталары түзіледі.

Жер сілкіністері – бұл жылдам жерасты дүмпулері және жер бетінің тербелістері. Жер сілкіністері барлық жерде бола бермейді, ол белгілі бір сейсмикалық аймақтарды құрайды (60-сурет). Сейсмикалық аймақтар литосфералық тақталардың шегараларын білдіреді. Бұлар – сөнбеген жанартаулардың көпшілігі шоғырланған және жер сілкіністері жиі болатын қозғалмалы аймақтар. шоғырланған және жер сілкіністері жиі болатын қозғалмалы аймақтар. Жердің негізгі сейсмикалық аймақтары –

1 Тынық мұхит жанартау белдеуі,

2 Жерорта-Трансазиялық белдеуі

3 Атлант-Арктикалық белдеуі

Тау жыныстарының үзілуі мен жылжуы орын алатын тереңдегі нүктені жер сілкінісіні ошағы деп атайды. Жер сілкінісі ошақтарынан литосфералық тақталардың жылжуы нәтижесінде жер қыртысы арқылы тербелістерді тудыратын толқындар тарайды. Жер сілкінісі ошағының үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте жер сілкінісінің эпицентрі деп аталады. Жерасты дүмпулері нақ осы эпицентрде ең күшті болады, эпицентрден қашықтаған сайын, дүмпу күші әлсірейді.

Жер сілкіністерін зерттеу

Жер сілкіністерін зерттеумен бірінші кезекте олар жиі орын алатын елдердің ғалымдары айналысады. Жер сілкіністерін зерттейтін ғылым сейсмология деп аталады. Жер сілкіністерін зерттеу сейсмографтар мен жабдықталған сейсмикалық стансыларда жүргізіледі.
Сейсмографтар жер сілкіністерін тіркейді. Сейсмограф көмегімен алынған ақпарат жиналады, өңделеді. Жер сілкінісінің ошағы туралы, жеке аймақтардағы және жалпы Жердің жер қыртысының құрылымы туралы мәлімет береді.

Қарқындылық – бұл жер сілкінісінің сапалық сипаттамасы және жер сілкінісінің сілкініс аймағындағы жер бетіне, адам, жануар, табиғи және жасанды құрылыстарға ықпал ету сипаты мен ауқымын білдіреді. Дүниежүзінде қарқындылықтың бірнеше шәкілі пайдаланылады:

Еуропада – еуропалық макросейсмикалық шәкіл (EMS),

Жапонияда – Жапония метеорология агенттігінің(Shindo) шәкілі,

АҚШ-та жетілдірілген Меркалли шәкілі (MM) (10-кесте).

Қазақстанда 1964 жылы Медведев – Шпонхойер – Карник құрастырған және жетілдірілген MSK-64 (K) шәкілі қолданылады

Жанартаулардың атқылауы

      Жанартау – бұл ыстық газ, бу, тау жыныстарының сынықтары шығарылатын және лава ағындары ағатын конустық пішіндегі тау. Жанартау атқылауы литосфералық тақталардың қозғалуы нәтижесінде магмалық ошақтар пайда болады. Магмалы ошақтар – жер қыртысының магма жиналатын орны. Бұл ошақта температура айырмашылығы мен жоғары қысымға байланысты магма сызаттар арқылы Жер бетіне шығып, жанартау атқылауы басталады. Төгілген магманы лава деп атайды.

Магма жанартаудың арнаулы каналы арқылы қозғалады. Магма қозғалатын каналды жанартау өзегі деп атайды, жанартау өзегі кратер деп аталатын тостаған тәрізді қуыспен аяқталады

Жанартау түрлері

         Жанартаулар сөнген, сөнбеген және «ұйқыдағы» жанартаулар болып бөлінеді (10-кесте). Ғылым тарихында атқылауы туралы деректер сақталмаған жанартауларды "сөнген жанартаулар" деп атайды. Тұрақты түрде атқылап тұратын жанартауларды "сөнбеген жанартаулар" деп атайды. Адамзат тарихында сөнген жанартаулардың атқылау жағдайлары да болған, сондықтан оларды «ұйқыдағы» жанартаулар деп атайды.

Кең таралған қауіпті салдарлардың бірі – ірі ауқымды өртке әкелетін отпен байланысты. Жоғары температураның ықпалынан үйлер мен құрылыстар жанады, адамдар мен жануарлар қырылады. Лава да ауыр салдарларға әкеліп соқтырады. Өзінің жолында лава ағындары өсімдіктер, ормандар, ғимараттар мен инфрақұрылым нысандары: автомобиль және теміржолдарын қиратады (65-сурет).

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын көру үшін жүйеге кіріңіз