ЖЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жердің құрылысы және тау жыныстары

Жердің құрылысы

          Жердің құрылысы үш қабаттан тұрады: жер қыртысы, мантия және ядро. Жер қыртысынан және астеносфера қабатына дейінгі жоғарғы мантия бөлігінен тұратын жердің қатты қабықшасын "литосфера" деп атайды. Литосфера= жер қыртысы+ жоғарғы мантия бөлігі. Жер қыртысы мен жоғарғы мантия бөлігі бір-бірінен Мохоровичич шекарасымен бөлініп тұр. Осы шекарада сейсмикалық толқындардың өту жылдамдығы дереу артады.

           Жер қыртысын толтырып жатқан заттарды тау жыныстары деп атайды. Тау жыныстары орналасу ретіне қарай шөгінді, гранитті және базальтты қабаттардан тұрады. Құрлықтардың астында ол шөгінді, гранит және базальт қабатта
рынан, ал мұхиттардың астында тек қана базальт және жұқа шөгінді қабаттардан тұрады. Мұхиттық жер қыртысында гранитті қабат жоқ

            Литосфера үйлесімдері әртүрлі тау жыныстары мен минералдарды құрайтын түрлі химиялық элементтерден тұрады. Олардың құрамында оттегі шамамен 47%, кремний 30%, алюминий 8%, темір 5%, кальций, натрий, калий, магний болады.

          Жер қыртысы мен ядро арасында 30 шақырымнан 2900 шақырымғадейінгі тереңдікте мантия орналасқан. Мантия – ғаламшардың ең ірібөлігі, оның массасы Жер массасының 67%-ын және оның көлемініңшамамен 83%-ын құрайды. Ол 90 км тереңдікке дейінгі жоғарғы мантия және төменгі мантиядан тұрады.

 Жердің қақ ортасында ядро орналасқан, оның тереңдігі 2900 шақырымды құрайды, ал орташа радиусы 3500 шақырымға тең. Ядроны қатты ішкі және сұйық сыртқы ядро деп бөледі. Сыртқы ядро сұйықболып келеді, құрамында темір мөлшері көп және үздіксіз қозғалыста болады. Ядроның құрамына темір кіреді және кремний, күкірт, оттегі, сутегі де болуы мүмкін.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын көру үшін жүйеге кіріңіз