- Басты бет
- Онлайн тренингтер
- ГИДРОСФЕРА
- МҰХИТ СУЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
МҰХИТ СУЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Мұхит суының қозғалысы
Мұхит суының қозғалыстары
Дүниежүзілік мұхит сулары үнемі қозғалыста болады. Судың қозғалыс түрлеріне жел толқындары, судың толысуы мен қайтуы, мұхит ағыстары және цунами жатады.
Жел толқындары. Мұхиттағы судың қозғалысы тербелмелі және ілгерілемелі болып бөлінеді. Тербелмелі қозғалыста су бір жерден екінші жерге орын ауыстырып, қайта орнына келеді. Бұл толқын деп аталады. Толқынның пайда болуына маңызды рөл атқаратын басқа да табиғи себептер: жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, атмосфералық қысымның күрт өзгеріп кетуі. Мұхитта жел толқындарының пайда болуының басты себептерінің бірі – жел. Ілгерілемелі қозғалыста су бастапқы қалпынан ары қарай орын ауыстыра береді. Бұл ағыс деп
аталады. Толқындарды тудыратын табиғи күштің арқасында ғана пайда болатын толқындар – мәжбүрлі толқындар, ал табиғи пайда болатын толқындар тоқтағаннан кейін де екпін әрекетін жалғастыра беретін толқындар – еркін толқындар деп аталады.
Толқын элементтері:
Толқын қыры немесе жалы - су бетінен көтерілген толқынның жоғарғы бөлігі
Толқын табаны – су бетінің деңгейінен ең төменгі түбіне жанасқан бөлігі
Толқынның ұзындығы– көршілес екі толқын қырларының арасындағы қашықтық.
Толқынның биіктігі - оның табанынан қырына дейінгі қашықтық.
Жылдамдық - толқын қырының уақыт бірлігінде (секунд) жүріп өтетін арақашықтығы.

Жел саябырлаған соң, толқын бірден басылмай, біразға дейін су бетінде аласа толқындар баяу таралады. Қатарласа тербелген жалсыз
аласа толқындар, әдетте, желдің күші бәсеңдегеннен кейін пайда болады.

Жел толқындарына соқпа толқындар да жатады. Жайылма жағада толқынның табаны су түбіне дейін тіреледі де, судың қозғалысы бәсеңдейді, ал толқынның жалы алға ұмтыла, жағалауға соғылады.

Суды толысуы (көтерілуі) мен айтуы. Мұхит немесе теңіз жағасында тәулік бойы су деңгейінің өзгеріп отыратыны байқалады.
Тәулігіне екі рет мұхит суы жағаға толып, біртіндеп кері қайтады. Су деңгейі көтерілген кезде, су құрлыққа енеді, ал кері қайту кезінде
жаға босап қалады. Теңіз жағалауларындағы су деңгейі тәулік ішінде көтеріліп және төмен түсіп тұрады. Бұл құбылыс Айдың тартылыс
күшіне байланысты болатынын ағылшын алымы И.Ньютон анықтады. Су деңгейінің көтерілуі мен қайтуының алмакезек қайталанып отыруын судың толысуы және айтуы деп атайды (115-сурет)

Ең биік толысу толқындары Солтүстік Америкадағы Фанди шығанағында байқалған, биіктігі 18 м. Толысу мен қайту толқындарының күшін электр қуатын өндіруге пайдаланады. Охот теңізінің Пенжин қолтығында судың толысу биіктігі 13 метрге жетеді. Мұндай толысу электр стансалары (ТЭС) Франция, Ресей, Ұлыбританияда салынған.
Мұхиттың белгілі бір бөліктерін алып жатқан зор көлемді суды су массалары дейді. Су массалары ендікке байланысты
экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық болып ажыратылады. Мұхиттағы су массаларының көлденең бағытта жылжуын ағыс деп атаймыз. Ағыс тудыратын басты себеп – тұрақты желдер. Ағыстар жылы, суық, бейтарап болып бөлінеді.
Жылы ағыстар экватордан полюстерге қарай, ал суық ағыстар полюстерден экваторға қарай жылжиды. Жылы және суық ағыстар қоңыржай ендіктерде түйіседі. Соның әсерінен мұхит үстінде құйындар пайда болады. Мұндай жерлер балыққа бай болып келеді. Мұхит ағысы Солтүстік жартышарда оңға, Оңтүстік жартышарда солға қарай желдің бағытынан 45° бұрышқа дейін ауытқиды. Мұхит ағысы меридиандық және ендік бағыт деп бөлінеді.
Гольфстрим ағысы. Атлант мұхитында ең қуатты ағыстардың бірі - Гольфстрим (шығанақтан шыққан ағын) басталады. Бұл ағыстың ұзындығы - 75-120 км, жылдамдығы 3-10 км/сағ-қа дейін жетеді. Ол Саргасс аралының жылы суын және солтүстіктен келетін суық суларды бөледі.
Еуропаның солтүстік-шығыс жағалауын (45 0 с.е. басталады) шаятын ағыстың бір бөлігін Солтүстік Атлант ағысы деп атайды. Ол Гольфстрим ағысын солтүстік-шығысқа қарай жалғастырады. Бұл ағыс Скандинавия түбегін айналып өтіп, Солтүстік Мұзды мұхиттағы Баренц теңізіне қарай өтеді. Сондықтан да Баренц теңізі қатпайды. Бұл ағыстың сулары Канар және Жасыл мүйіс аралдары арасында бірігіп, суық Канар ағысын тудырады.
Оңтүстік пассат жылы ағысы солтүстікке қарағанда мықтырақ болып келеді. Ол шығыстан батысқа қарай 23° с.е. бойымен Атлант мұхитын кесіп өтіп, Оңтүстік Америка жағалауларында Гвиана(Кариб) және Бразилия ағыстарына бөлінеді.
Дүниежүзілік мұхиттың ғажап ағыстарының бірі - Батыс желдері ағысы. Бұл - мұхиттағы қуатты әрі терең (2500-3000 м) ағыс. Орташа жылдамдықпен (25-30 км/сек) ол үш мұхитты кесіп өтеді және оңтүстік субтропиктік айналымдарға барып тұйықталады. Африка жағалауларында солтүстікке қарай Бенгель және Гвинея ағыстары бөлініп шығады.
Тынық мұхитта Солтүстік пассат ағысы 10° с.е. пен 22° с.е. аралығында байқалады. Филиппин аралдарында ол үш тармаққа бөлінеді,оның ең қуаттысы - Куросио (Гольфстримға ұқсас) жылы ағысы. Куросио Жапон аралдарының шығыс жағалауларын шайып, Хонсю аралында шығыстан бағытын өзгертіп, Солтүстік Тынық мұхит ағысына айналады. Солтүстік Америка жағалауларында ол Калифорния және Аляска
ағыстарына бөлінеді.
Шығыстан батысқа қарай Еуразия материгінің солтүстік жағалауларының бойымен және солтүстіктен оңтүстікке Гренландия жағалауларының бойымен соғатын қатты желдер Атлант мұхитына қарай қалқыма мұздарды (Дрейф) және беткі су ағыстарын жылжытады. Бұл құбылыс ағыстарды бір-бірімен байланысқа түсіріп, жаңа айналымдар пайда болады: Шығыс Гренландия ағысы Атлант мұхитына көп мөлшерде суық ағыс және мұз алып келеді. Норвегия ағысы жылы Атлант су ағысын әкеледі. Нордкап мүйісінде ол материк бойымен шығысқа бағытталған Нордкап және солтүстікке бара жатқан Шпицберген ағыстарына бөлінеді.

