ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІКТЕРІ

Мұхит сулары қалай пайда болған?

Дүниежүзілік мұхит суы

        Дүниежүзілік мұхит – Жердің үздіксіз кеңістігін білдіретін гидросфераның негізгі бөлігі. Жердің беткі қабатын ауданы 361млн. км2-ді құрайтын Дүниежүзілік мұхит суы алып жатыр.  Солтүстік жартышарда жер бетінің 61%-ы, Оңтүстік жартышарда – 81%-ы мұхиттың үлесіне тең. География ғылымына «дүниежүзілік мұхит» терминін Ю.М.Шокальский енгізді. Дүниежүзілік мұхит біртұтас бола отырып, бірнеше бөлікке бөлінеді. Солардың ең ірісі – мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың орташа тереңдігі – 3794 м.

       Жағалау сызығы, табанының бедері, температурасы мен тұздылығы, ағысының түрлеріне және басқа да қасиеттеріне байланысты Дүниежүзілік мұхит 4 бөлікке бөлінеді. 

     Тынық мұхиты. Ауданы – 178,6 млн км . Алғашқыда ол Жердегі жалғыз мұхит болды және Ұлы мұхит деп аталды. Ф. Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оны «Тынық мұхит» деп атады. Тынық мұхиттек ауданы жағынан ғана емес, тереңдігі бойынша да бірінші орында: орташа тереңдігі – 3976 м, ең терең жері – 11022 м, Мариан шұңғымасы. Мұхитта пайда болатын құйын тәріздес дауылдар – тайфундар (қытайша үлкен жел) байқалады. 
Тынық мұхитта ең көп, яғни 25 теңіз орналасқан, ең үлкендері – Филиппин, Коралл, Тасман, Беринг теңіздері. Ең үлкен шығанақ 
 – Аляска, ал ең үлкен аралдар – Жаңа Зеландия, Жаңа Гвинея.

\

     Атлант мұхиты. Ауданы – 91,7 млн км . Пішіні меридиан бағытымен созыла орналасқан, S әрпіне ұқсас келеді. Мұхит ортасында ұзына 
бойы Орта Атлант жотасы орналасқан. Оның биіктігі 3500-4000 м. Ұзындығы 18 мың км-ден асатын Орта Атлант жотасы мұхит түбіндегі ең ірі тау жүйесі болып табылады. Мұхиттың ең терең жері – 8742 м, Пуэрто-Рико шұңғымасы. Орташа тереңдігі – 3597 м. Ең ірі жанартаулық аралы – Исландия. Кеме қатынасы ең жақсы дамыған мұхит. Атлант мұхиты. Маңызды теңіз жолдарының өтуіне байланысты, маңында халықтың тығыз орналасуы себепті Жерорта теңізі қатты ластанған. Жерорта теңізі Атлант мұхитын алғашқы болып кесіп өткендер викингтер болды. Қойнаулар мен шығанақтарда жасырынып жүретін теңіз қарақшыларын «викингтер» деп атаған. Әлемдегі ең лас саналатын Жерорта 
теңізі Атлант мұхитымен Гибралтар бұғазы арқылы байланысты.

     Үнді мұхиты. Ауданы – 76,2 млн км  Негізінен, оңтүстік жарты шарда орналасқан. Орталық Үнді жотасы мұхитты екіге бөледі. Ява және Батыс-Аустралия атты екі терең шұңғыма орналасқан. Ең терең жері – 7729 м, Зонд шұңғымасы. Орташа тереңдігі – 3711 м, бұл мұхиттар арасында екінші орында. Джеймс Кук алғашқы болып Үнді мұхитының тереңдігін есептеген. 

          Солтүстік мұзды мұхиты. Ауданы – 14,8 млн км . Аумағы ең кіші және ең салқын әрі ең таяз мұхит. Толығымен полярлық белдеулерде орналасқан. Ломоносов және Менделеев жоталары бар. Материктік қайраң көп бөлігін алып жатыр, әсіресе, Еуразия жағалауында тұтас өңір құрайды. Ең терең жері – 5527 м, Гренланд теңізі. Орташа тереңдігі – 1225 м. Қыста 90%-ға жуығын мұз басады. Орташа температурасы – 10 С. Тұздылығы да ең төмен мұхит болып саналады. Теңіздерінің ең үлкені – Норвег, ең кішісі – Ақ теңіз, ал ірі шығанақ – Гудзон шығанағы. Аралдар саны бойынша Солтүстік Мұзды мұхит Тынық мұхиттан кейін екінші орынды иеленеді. Мұхит аумағында ең ірі арал Гренландия аралы және көлемі бойынша екінші орынды алатын топарал – Канадалық Арктика топаралы орналасқан. 

        Дүниежүзілік мұхитта құрлық бөліктері – материктер, түбектер және топаралдар (архипелаг) орналасқан (106-сурет).

 Материк – құрлықтың барлық жағын су қоршап жатқан ірі бөлігі

Арал – құрлықтың барлық жағын су қоршап жатқан шағын бөлігі. Жер бетіндегі ең ірі арал – Гренландия.

Бір-бірінен онша алшақ емес орналасқан және суасты түбі ортақ аралдар тобы топаралдар (архипелаг) деп аталады. Мәселен,  Канаданың арктикалық архипелагы, Гавай аралдары, Жапон, Үлкен және Кіші Антиль аралдары.

 Түбек – құрлықтың бір жағы материкке немесе аралға ұштасатын, ал қалған жақтарын су қоршап жатқан бөлігі. Дүниежүзінің ең ірі түбегі –Арабия түбегі. Оның жалпы алаңы 3 млн. км²-ге жуық. 

Дүниежүзілік мұхиттың құрамына теңіз, шығанақ, бұғаз кіреді.  

         Теңіз – суының қасиеті мен тіршілік ететін ағзалары жөнінен ерекшеленетін мұхит бөлігі. Теңіздер көбіне құрлық жағалауында болады. Ашық мұхитта кездесетін теңіздерге Фиджи, Саргасс жатады. Жер ғаламшарында 63 теңіз бар, алып жатқан жер көлемі жағынан ең үлкен теңіз – Солтүстік Америка жағалауларына жақын жердегі Атлант мұхитында орналасқан Саргассов теңізі. Саргассов теңізінің алаңы 6 миллионнан 8 миллион км-ге дейін, ал тереңдігі 6–8 километрге дейін жетеді. Бұл теңізде жағалау жоқ, ол мұхит ағысымен шектелген. Жер көлемі жағынан екінші орында Филиппин теңізі тұр. Ол Тынық мұхитта орналасқан. Теңіздің ауданы – 5726 мың км . Филиппин теңізінің айқын шегарасы жоқ.

         Шығанақ – құрлыққа сұғына еніп жатқан, бірақ суының қасиеті мен тіршілік дүниесі жағынан қатты ерекшеленбейтін мұхит бөлігі. Мексика, Бенгал, Гудзон шығанақтары ауданы жағынан теңіздермен пара-пар. Дүниежүзілік мұхиттың ірі шығанақтарына мыналар жатады: Аляска, Бенгал, Бискай, Үлкен Аустралия, Гвинея. 

         Бұғаз – құрлық арасынан өтетін, мұхит бөліктерін бір-бірімен жалғайтын жіңішке су алабы.Жер шарындағы ең кең әрі ең терең бұғаз – Дрейк, ені – 950 км, тереңдігі – 5248 Ең тар бұғаз – Гибралтар (14 км), ең ұзыны – Мозамбик бұғазы, 1670 км.

Дүниежүзілік мұхит түбінің құрылысы

             Заманауи зерттеулердің нәтижесінде Дүниежүзілік мұхит түбінің құрылысы зерттеліп, су түбінде құрлықтағыдай суасты жазықтықтары мен таулар орналасқаны анықталды. Теңіздермен, мұхиттардың тереңдігін, бедерлердің пішінін анықтау үшін теңіз бен мұхит түбінің бедер картасы құрастырылды. Қазіргі кезде су түбі бедерлері келесі бөліктерге бөлінген: қайраң, материктік беткей және арна.

              Қайраң немесе материктік барқын. Материктер мен мұхиттар арасындағы шегара су астымен өтеді. Материктік жер қабатының бір бөлігі мұхит суының астымен жалғасады. Сондықтан су түбінің бұл бөлігі материктік барқын немесе қайраң деген атауға ие болған. Материктік барқын – мұхит деңгейінен 200 метрге дейін төмен жоталы жазықтықтар. Қайраңның ені әртүрлі болады. Қайраң Дүниежүзілік мұхит ауданының 9%-ға жуығын құрайды.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын көру үшін жүйеге кіріңіз