- Басты бет
- Онлайн тренингтер
- БИОСФЕРА
- ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Топырақтың құрамы мен құрылысы
Топырақтың құрамы және құрылысы
Топырақ – атмосфера, литосфера және биосфераның өзара байланысы кезінде түзілетін ерекше табиғи компонент. Топырақты зерттеудің негізін орыс ғалымы В.В. Докучаев қалады. Оның іліміне сәйкес, топырақтың түзілуі – бұл табиғи компоненттердің өзара әрекеттесуінен белгілі бір қасиеттерге ие дербес табиғи дене қалыптасатын күрделі үдеріс. Топырақтану – топырақтың түзілу және оның құнарлылығын сақтау заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Топырақ – табиғаттың биокосты заты. Оның құрамында минералды қосындылармен (тау жыныстары) қатар органикалық қосындылар (шірінділер) да болады (6-сурет).
Өсімдіктердің тамыр жүйесі, топырақта тіршілік ететін жануарлар, микроорганизмдер секілді тірі организмдер топырақтың ажырамас бөлігін құрайды. Топырақта су, ауа және суда еріген заттар болады. Су мен ауа қатты зат бөлшектері арасындағы тесіктерді толтырады. Төмендегідей тәжірибе жасау арқылы топырақ құрамындағы судың, ауаның және тірі ағза қалдықтарының бар екендігіне көз жеткізуге болады.
Топырақ қалай түзіледі? Топырақ – құнарлы келетін ерекше табиғи дене. Алайда топырақтың түзілуі қалай жүреді? В.В. Докучаев топырақ түзілуінің келесі түрткіжайттарын көрсетеді: аналық тау жынысы, климат, өсімдіктер мен жануарлар, жер бедері және уақыт, бірақ қазіргі кезде антропогенді түрткіжайт қосылды, яғни адамның шаруашылық қызметі. Осы түрткіжайттардың барлығы бір-бірімен кеңістікте және уақытта өзара әрекеттеседі
Аналық тау жынысы борпылдақ болатындықтан, күннің әсерінен тез жылиды. Ол ылғалды жақсы ұстайды, бұл өсімдіктердің өсіп-өнуіне және микроорганизмдердің көбеюіне жағдай туғызады. Күзге қарай өсімдіктер қурап, шіри бастайды және топырақ жануарлары (жәндіктер,жауын құрттары) және микроорганизмдер (бактерия саңырауқұлақтары) өңдеп шығаратын органикалық заттар бөледі. Олар
өсімдіктердің қураған бөліктерін үгітіп, езіп, қарашірікке айналатын органикалық заттар өңдеп шығарады. Қарашірік – қоректік заттарды қамтитын топырақтың құнарлы қабаты.
Топырақ жамылғысын түзуде климаттың да зор маңызы бар. Климаты құрғақ әрі ыстық жерлерде жауын-шашын аз болатындықтан өсімдік те азаяды. Өсімдік азайса, қарашірік те аз түзіледі. Аязды кезеңдерде топырақтың түзілуі тоқтайды, ал қуаңшылық кезеңде баяулайды. Топырақтың түзілуіне жер бедері де ықпал етеді. Таулы аудандарда аналық тау жыныстары жартастан-жартасқа сырғып, төмен тегіс бетке жылжиды. Жер бедеріне қарай бірдей ендікте түзілетін топырақ түрі әртүрлі келеді. Мәселен, қырқалар мен ойыстарға күннің жылуы біркелкі түспейді, сондықтан өсімдік пен топырақтағы микроорганизмдер саны да әркелкі болады.
Табиғатта топырақтың түзілуі өте ұзаққа созылатын құбылыс және ол климатқа әрі табиғи аймаққа байланысты болады. Орта есеппен алғанда, 100 жыл ішінде топырақ қабаты 1–2 см ұлғаяды.
Топырақтың түзілуіне адам баласының тигізетін ықпалы әртүрлі. Бір жағынан, адам топырақты тыңайтқыштармен құнарландырып, жерді суарып, ылғалмен қамтамасыз етіп жатса, екінші жағынан, тыңайтылған жерлерді дұрыс пайдаланбай, топырақ қабатын бүлдіріп жатады.
Топырақ кескіні (профилі) дегеніміз не? Топырақтың қазылғандағы тік қабаттары топыра кескіні деп аталады. Топырақты 1,5–2 метр тереңдікке қазғанда топырақ қабаттарын көруге болады (8-сурет).
Топырақ қабаттары – топырақ түзілу барысында түсі, құрылымы, тығыздығы әртүрлі болып қалыптасатын қабаттар. Қабаттар арасында
айқын шек жоқ. Әрқайсысы біртіндеп бір-біріне ұласып жатады және олар А, В, С латын әріптерімен белгіленеді. Бұл қабаттар тағы қосалқы
қабаттарға бөлінуі мүмкін. Топырақтың ең жоғарғы қабаты – Aо – орман төсемі немесе шым қабат. Бұл қабат өсімдіктердің қураған бөліктерінен, түскен жапырақтардан пайда болады. Қабаттың қалыңдығы 3 см-ден 12 см-ге дейін болады.

Топырақтың механикалық құрамы – бұл мөлшері әртүрлі құм және балшық бөлшектерімен анықталады. Егер құрамында құм бөлшектері көп болса, топырақ құмды, ал егер ұсақ балшық көп болса, сазды болып есептеледі. Құрамында құмға қарағанда ірі бөлшектер аз келетін құмайт топырақтар да болады. Саздақ жерлерде ұсақ бөлшектер көп және топырақ балшықты топыраққа жақын. Сазды және саздақ топырақ ауаны нашар өткізеді және суды жақсы сіңіріп, оны топырақтың беткі қабаттарында ұзақ ұстайды. Топырақтың мұндай түрлерін өңдеу қиынға соғатындықтан ауыр топыраққа жатқызылады. Олардың құрамында топырақтың ұсақ бөлшектерін біріктіретін кальций көп болады. Құмды және құмайт топырақты өңдеу оңай. Олар суды жақсы өткізеді. Су терең бойлап тез сіңеді немесе буланып кетеді.

Топырақ құрылымды және құрылымы жоқ болуы мүмкін. Құрылымы жоқ топыраққа құмды, ал құрылымдыға құрылымы кесек топырақ жатады. Құрылымы жоқ топырақта қарашірік пен кальций аз. Түйіршіктері ұсақ болатындықтан онша бірікпейді, құнарлылығы төмен болады. Құрылымды топырақта ұсақ кеуек қуыстар көп. Олар арқылы топыраққа су мен ауа өтеді. Су бос тесіктерді толтырып, топырақта жинақталады.
