ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПЫРАҚ ТҮРЛЕРІ

Қазақстандағы топырақ түрлері

Қазақстандағы топырақ түрлері


Сабақтың мақсаты: Қазақстанның топырақ түрлерінің орналасу заңдылығын айқындау.

       Топырақ картасы – бұл кез келген аумақтағы топырақтың кеңіс
тіктік орналасуының белгілі бір масштабта картографиялық негізде 
графикалық бейнеленуі. 

Қазақстан топырағының таралу заңдылықтары. Қазақстанның 
алуан түрлі табиғат жағдайлары топырақтың кескіні мен қалыңдығы
на, құрылымы мен механикалық құрамына, қарашіріктің мөлшеріне 
әсер етеді. 

       Топырақ жазық жерлерде ендік зоналылық заңдылығы бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді.  Тау ларда топырақ түрлері тау етегінен шыңына қарай өзгереді. Абсолютті  биіктіктің артуына қарай табиғи жағдайлардың заңды өзгеруі немесе  биіктік белдеуі байқалады. Тауларда топырақ түрлерінің атаулары өсімдік түріне сәйкес келеді. Бедерлі және климаттық жағдайға сәйкес, Қазақстан аумағының 86%-ы зоналық жазық топырақ: қара топырақ, қызғылт топырақ, қоңыр топырақ, сұрғылт топырақ. Ал қалған 12,5%-ын таулы облыстардың топырағы алып жатыр.

 

Қазақстанның топырақ түрлері.

Қара топырақ . Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде және 52–53° солтүстік ендігіне дейінгі жерлерін қара топырақ алып жатыр. Бұл топырақ түрі Қазақстан аумағының 9,5%-ға жуық аумағында, яғни 25,5 млн гектарға таралған.

В.В. Докучаев қара топырақты құрамында қарашірінді көп болатындықтан, «топырақтың патшасы» деп атаған. Сондықтан бұл топырақ жамылғысы – елдің басты жер байлығы. Ел аумағында қара топырақ үш қосалқы түрге бөлінеді: кәдімгі, сілтісіз және оңтүстік қабат  Егер қара топырақты қолға алып, жайлап илесең, алақанда майлы қара дақ қалады. Бұл – құрамында қарашірік мөлшері жоғары топырақ құнарлылығының бірінші белгісі. Қара топырақ құрамында 6-8% көлемінде қарашірінді болады.

       Қызғылт топырақ . (қоңыр топырақ) Қара топырақтың оңтүстігіне қарай қызғылт топырақ орналасқан.  Олар Орталық Қазақстанның көпшілік бөлігін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Батыс-Сібір жазығының оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Қызғылт топырақ республика аумағының 90,6 млн га жерін немесе 34%-ын алады. Қызғылт топырақ үш қосалқы түрге бөлінеді: қызғылт, күрең қызғылт, ашық қызғылт (14-сурет). Қызғылт топырақтың құнарлылығы оңтүстікке қарай азая түседі. Күрең қызғылт және қызғылт топырақтың құрамында қарашірік 3–4,5%, ашық қызғылт топырақтың құрамында 2–3% болады.

Қоңыр және сұр-қоңыр топырақ.

    Қызғылт топырақтың оңтүстігіне қарай (48˚ с.е.) қоңыр және сұрғылт 
қоңыр топырақ таралған. Олар Қазақстанның оңтүстік бөлігін қамтиды 
және 120 млн га немесе республика аумағының 44%-ын алып жатыр. 
Бұл топырақ түрінің құрамында қарашірік аз – 1–2%-ды құрайды және 
беткі қабаттан 15–25 см жерде сортаң және карбонатты қабаттар баста
лады, аналық тау жынысының құрамында гипс көп (15-сурет). Тұздың 
шоғырлануы топырақ ерітінділерінің жоғарыға жылжып, артынан бу
ланып кетуіне байланысты болады. Сұрғылт қоңыр және қоңыр топы
рақтың құрылымы сазды және құмды болады және борпылдақ келеді. Қоңыр және сұрғылт қоңыр топырақ жазы ыстық және қысы суық жерлерде, жауын-шашынның жылдық мөлшері 80–100 мм-ді құрайтын континенттік климат жағдайында түзіледі.

Қазақстанның таулы аймақтарының топырағы. 

        Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы облыстарында 
құрылымы мен топырақ белдеуінің арақатынасы бойынша ерекшеле
нетін топырақ аймақтары бар (16-сурет). Мәселен, Тянь-Шань биік 
таулы аймағында сұр топырақ, таулы қоңыр, таулы шалғынды, 
субальпілік және альпілік топырақ араласып келеді. Сауыр-Тарбағатай 
және Алтай тауларында таулы қызғылт және таулы қара топырақ белдеуі көзге түседі. Одан жоғарыда таулы шалғынды, сұр орманды ортаңғы тау белдеуі, субальпілік және альпілік топырақ белдеуі орналасқан.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын көру үшін жүйеге кіріңіз