- Басты бет
- Онлайн тренингтер
- БИОСФЕРА
- БИОФЕРАНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ
БИОФЕРАНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ
Биосфераның құрамдас бөліктері
Биосфераның құрылысы қандай?
Биосфераның құрылысы және шегаралары. Биосфера – барлық табиғи компоненттердің өзара байланысы нәтижесінде пайда болған. Жердің бірегей тірі қабықшасы. Ғылымға «Биосфера» ұғымын алғаш рет (ХІХ ғасырда) француз ғалымы Ж.Б. Ламарк, ал кейін термин ретінде аустриялық геолог Эдуард Зюсс (1875 жылы) енгізді. Бірақ биосфера туралы ілімді орыс ғалымы В.И. Вернадский әзірледі. Ол оны жанды және жансыз заттардың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде қалыптасқан Жердің төртінші қабаты деп атады. биосфера – тірі организмдер мекендейтін Жер қабаттарының жиынтығы.

Биосфераның жоғарғы шегарасы тірі организмдер үшін зиянды ультракүлгін сәулелерді ұстап қалады. Ол озон қабатымен және жоғарыда оттегінің азаюымен анықталады. Тірі организмдердің көпшілік бөлігінің таралуы бірнеше метр тереңдікпен шектеледі. Сонымен қатар биосфераның төменгі деңгейін температура шектейді: +50 °C-тан жоғары және –60 °C-тан төмен жерде, қоршаған ортада тек споралар, бактериялар немесе көкшіл жасыл балдырлар ғана болады.

Биосфера құрамына не кіреді? В.И. Вернадский өз ілімінде алуан түрлі компоненттерден тұратын биосфера құрамын анықтады.

Биосфера қандай қасиеттерге ие? Биосфераға тұтастық, орталықтандырылу, ашықтық, өзін-өзі реттеу және алуантүрлілік секілді бірқатар қасиеттер тән. Бұл қасиеттер биосфераның әрекет етуі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Тұтастық – биосфераның өте маңызды қасиеті. Бұл қасиет тірі организмнің қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысында көрінеді, яғни организм мен оны қоршаған орта біртұтас болады. Тіршілік ортасы өзгерген кезде тірі организм жаңа жағдайларға икемделе бастайды.
Орталықтандырылу. Биосфераның орталық буыны – газдық, концентрациялық сияқты алуан түрлі функцияларды атқаратын тірі организмдер. Газ функциясы атмосфера ауасында белгілі бір газ құрамын қамтамасыз етіп тұру, ал концентрациялық – организмдердің қоршаған ортадан биогенді заттар алу және жинақтау қабілеті.
Ашықтық . Биосфера тіршілігі күн радиациясының түсуі есебінен қамтамасыз етіледі. Мысалы, күн белсенділігінің өзгеруінен жекелеген түрлер мен популяциялардың саны күрт артады. Тірі организм күн энергиясын ала отырып күн сәулесін ұстап тұруға және сіңіруге тырысады. Бұған жасыл өсімдіктердің фотосинтез үдерісі мысал бола алады. Тірі организмдер энергияны түрлендіруге және оның жоғары энергетикалық қосынды түрінде шоғырлануын жүзеге асырады.
Биосфераның өзін-өзі реттеуі тірі организмдердің белгілі бір тетіктер арқылы бастапқы күйіне қайта оралу қабілетінен көрінеді. Бұл тетіктерге заттар мен энергия айналымы, алуантүрлілік, түрлер эволюциясы, түрлер саны мен көбею тұрақтылығы жатады. Биосфера осы аталған тетіктердің арқасында жанартаулардың атқылауы, жер сілкінісі, таулардың құрылуы секілді зілзалаларды көтере алады.
Алуантүрлілік биосфера құрамына кіретін әртүрлі тіршілік ортасын қарастырады. Атап айтсақ: су, топырақ, жерүсті – әуе және табиғат зоналарының алуантүрлілігі, экожүйесі. Қазіргі кезде Жер бетін 10 миллионға дейінгі жануар түрі мекендейді және 1 миллионнан астам өсімдіктер мен саңырауқұлақ түрі өседі.
