- Басты бет
- Онлайн тренингтер
- АТМОСФЕРА
- МЕТЕРОЛОГИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР: ЖАУЫН-ШАШЫН ТҮРЛЕРІ
МЕТЕРОЛОГИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР: ЖАУЫН-ШАШЫН ТҮРЛЕРІ
АТМОСФЕРАЛЫҚ ЖАУЫН ШАШЫН ТҮРЛЕРІ
Ауаның ылғалдылығы
Тропосферада белгілі бір мөлшерде су буы болады. Ол тәуліктің кез келген уақытында Жер бетінен булану нәтижесінде келеді. Ауа ылғал
дылығы – ондағы ауа буының құрамы. Атмосферада жеткілікті ылғал болған жағдайда, ылғалдылық ауа температурасына тәуелді болады.
Мысалы: + 30°С температурада 1м3 ауада 30 г ылғал болуы мүмкін, + 20°С-та – 17,3 г, 0°С-та – тек қана 5 г. Теріс температурада ауадағы
ылғал құрамы айтарлықтай азаяды және –10°С-та 1м3 ауадағы ылғал 2,5 г ғана болады.

Құрамында бар мөлшерден көп су буын сыйғыза алмайтын ауаны қаныққан деп атайды. Су буының құрамы болуы мүмкін мөлшерден аз болады. Мұндай ауаны қанықпаған деп атайды. Ауа ылғалдылығы абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылықпен сипатталады. Г/м3 арқылы өлшенетін, белгілі бір сәттегі ауадағы су буының нақты мөлшерін абсолюттік ылғалдылық деп атайды. Салыстырмалы ылғалдылық – ауадағы бар ылғал мөлшерінің берілген температурада болуы мүмкін мөлшерге қатынасы.
Салыстырмалы ылғалдылықты есептеу үшін есеп шығарайық. +30°С температурада ауада 17 г су болған жағдайдағы, салыстырмалы ауа ылғалдылығын анықтаңдар.
Шешім: пропорция құрамыз.
30 г – 100%
17 г – х%
х =17 х 100/30=56%
Жауабы: салыстырмалы ылғалдылық – 56%
Ауа ылғалдылығын анықтау үшін гигрометр өлшеу аспабын қолданады. 
Атмосфералық жауын-шашын
Жер бетіне сұйық немесе қатты күйде түсетін суды атмосфералық жауын-шашын деп атайды. Температура төмендеген кезде, салыстырмалы ауа ылғалдылығы жоғарылайды. Шық нүктесі деп аталатын кейбір температурада су буы қаныққан болады. Бұл – ауада су буларының ең көп мөлшерінің бар екендігін білдіреді. Су буының сұйыққа айналуы кезінде оның салқындауы салдарынан көтерілген ауада бұлт түзіледі. Бұлт-жер бетінен белгілі бір биіктікте шоғырланып тұратын су тамшылары. Бұлттар сыртқы көрінісі бойынша 10 түрге бөлінеді. Оның негізгі түрлері. шарбы (қазбауыр), қабатты (қатпарлы), будақ (түйдек), будақ жаңбырлы.

Қазбауыр – жоғарғы қабат бұлттары (6000 метрден жоғары), жартылай мөлдір және ұсақ мұз кристалдарынан тұрады. Олардан жауын-шашын түспейді.
Қатпарлы – орта (2000–6000 м) және төменгі (2000 метрден төмен) қабаттардың бұлттары. Негізінен жауын-шашын cолардан түседі, әдетте ұзақ, ақ жауын болып келеді.
Түйдек – бұлттар төменгі қабатта пайда болып, аса үлкен көлемге жетуі мүмкін. Көбінесе мұнара түрінде болады және төмен жағы тамшылардан, ал жоғарғы жағы кристалдардан тұрады. Нөсер жауын, бұршақ пен найзағай солармен байланысты болады.
Бұлттардан жаңбыр, қар және бұршақ түрінде жауын-шашынның негізгі үш түрі түседі.
Атмосферадан түсетін жауын-шашын
| Жаңбыр | Диаметрі 0,05–0,1 мм болатын судың ұсақ тамшылары, бірбірімен біріге отырып, біртіндеп үлкейеді, ауырлайды және жерге жаңбыр түрінде түседі. Күн қыздырған жер бетінен көтерілетін ауа ағындары неғұрлым күшті болса, түсетін тамшылар да соғұрлым ірі болады. |
| Қар | Атмосферадан түсетін әртүрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жауын-шашын |
| Бұршақ | Жылдың жылы мезгілінде жоғары көтерілетін күшті ауада туындайды. Су тамшылары ауа ағындарымен жоғары биіктікке жетіп қатады және олардың бетінде мұз кристалдары қабаттанып, пайда бола бастайды. Тамшылар ауырлайды және төмен қарай түсе бастайды. Жауған кезінде олар салқындаған су тамшыларымен араласып, көлемдері үлкейеді. |
Жер бетінде түзілетін жауын-шашын
| Тұман | Ұсақ су тамшылары не мұз кристалдарының тропосфераның төменгі бөлігінде жиналуы. |
| Қырау | Түнгі температура нөлден төмен болған жағдайда шығыңқы заттар мен жер бетінде таңертең ертемен қататын мұз кристалдары. |
| Шық | Жылдың жылы мезгілінде ауаның түнгі салқындауы нәтижесінде сұйыққа айналатын су тамшылары. Шық өсімдіктер, шығыңқы заттар, тастар мен үйлердің қабырғасына түседі. |
| Қатқақ | Қыста –10, –15 ˚ С температурада ағаш бұтақтары мен сымдарда мамық шашақ түрінде пайда болатын мұз кристалдары. Түнгі уақытта пайда болып, күндіз жоғалады. |
| Көкмұз | Қарлы не мұзды жаңбыр кезінде не одан кейін ауаның жылдам салқындауы нәтижесінде жер беті, ағаш, құрылыстардың қабырғаларында т.б. мұз қабатының қатуы. |
