- Басты бет
- Онлайн тренингтер
- АТМОСФЕРА
- ҚОЛАЙСЫЗ АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР
ҚОЛАЙСЫЗ АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР
Дауылдар
Торнадо
Қолайсыз атмофералық құбылыстар
Қолайсыз атмосфера құбылыстары – бұл адамдардың өміріне және шаруашылық іс-әрекетіне теріс ықпал ететін ауа райы құбылыстары.
Қолайсыз атмосфера құбылыстарын шартты түрдегі жауын-шашын және желмен байланысты құбылыстарға бөлуге болады.

Қар жауу – бұл 12 сағат не одан да көп уақыт бойы қалыңдығы 12–20 мм қар түсетін жауын-шашын мөлшері (90-сурет). Қатты және
өте қатты қар жауу көбінесе боранмен қатар жүреді. Апатты қар жауу кезінде автокөлік және теміржол көліктерінің жұмысы қиындайды.
Байланыс және электр желілері үзіледі.
Нөсер жауын – жоғары қарқындылықпен (кейде 100 мм/сағ-қа дейін) ерекшеленетін жауынның түсуі. Бұл жауындар ылғалды төсеме беткейдің ыстық ауа райында қатты қызуының нәтижесінде пайда болады. Ылғал булана отырып жоғарыға көтеріледі, сұйылтылады және ылғалға қаныққан бұлттардан нөсер болып жауады. Нөсер жауынның түсу ұзақтығы орта есеппен бірнеше минуттан 1–2 сағатқа дейін болады. Алайда кейде мұндай жауын-шашын бірнеше тәулікке де созылуы мүмкін. Нөсер жауын кезінде бұлттылық айтарлықтай 7–9 балдық болады.
Нөсер жауын кезінде өзіңді қалай ұстау керек:
1. Ауа райы болжамын тыңдау және жағдайға қарай әрекет ету.
2. Мол жауын-шашын айтарлықтай жиі болатын ауданда тұрсаңдар, онда: мүмкіндігінше тұрғын үйді бекіту;
3. Су бетінде қалу үшін үстелдер, автомобиль шиналары, қосалқы
доңғалақтар мен құтқару белдіктерін пайдалану.
Құрғақшылық – белгілі бір мекен үшін ауа температурасы жоғары және жауын-шашын мөлшері аз болатын тұрақты ауа райы кезеңі.
Ол бірнеше аптадан екі-үш айға дейін созылады. Құрғақшылық күн жылуының мөлшері мол, ылғалдылығы төмен болудың нәтижесінде қалыптасады. Құрғақшылық шаң дауылдары және аңызақ желдермен қатар жүреді. Құрғақшылық ауылшаруашылығына зор экономикалық зиян әкеледі. Өйткені ол топырақтағы ылғал қорын тауысады. Оны құрғатады және осылайша егіннің өсуіне зиянын тигізеді. Қазақстанның оңтүстігінде құрғақшылық жиі болады
Көктайғақ - бұл жаңбыр, сіркіреме не тұманныңсалқындаған тамшыларыныңқатуы салдарынан жер мен түрлі заттардың бетінде мұз қабыршағының пайда болуы. Бұл атмосфера қозғалысы адамдардың жүруіне қауіпті. Өйткені халықтың жолда жарақаттануына, жол-көлік апаттарының артуына әкеліп соқтырады. Көктайғақ ауылшаруашылығына, атап айтқанда, малшаруашылығына үлкен орасан зиян тигізеді. Қазақстан аумағында көктайғақ барлық аймақта байқалады. Республиканың орталық және оңтүстік-шығыс аудандарында көктайғақ қалыңдығы 22 миллиметрге жетуі мүмкін.

Үсік – тәуліктік орташа температура 0°С-тан жоғары кезде түнде немесе таңертең, көктем немесе күзде ауа температурасының теріс мәнге дейін төмендеуі. Жалпы алғанда, үсіктің ауылшаруашылығы үшін қолайсыз салдарлары бар. Үсік ұзақтығы төрт сағаттан асқан жағдайда – гүлдеп жатқан жеміс ағаштары мен талдарға қауіп төндіреді. Температура қарқындылығының –5 °C және одан төмен болуы зығыр өскіндерінің зақымдануын тудыруы мүмкін. Ал –6, –7 °C температурада ең ерте өнетін егіс өскіндері зардап шегуі ықтимал.
Шаңды дауыл – жел көп мөлшердегі шаңды (топырақ, құм бөлшектерін) жер бетінен бірнеше метр биіктікке көшіретін, көлбеу көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын атмосфералық құбылыс. Шаңды дауылдар топырақ беті құрғақ және жел жылдамдығы 10 м/с және одан жоғары болған кезде пайда болады. Шаңды дауыл бірнеше минуттан бірнеше тәулікке дейін созылуы мүмкін. Қазақстанның дала өңіріндегі шаңды дауыл болған күндер орташа есеппен жылына 20–38 күнді құрайды. Республиканың оңтүстігі мен Балқаш көлі маңындағы шөлдерде шаңды дауылдар 55–60 күнге созылады.
Құйын (синонимдер – торнадо, тромб, мезо-дауыл) – бұл көлемі көлденеңінен 50 шақырымнан кем және тігінен 10 шақырымнан кем,
33 м/с-тан астам жылдамдығы бар аса қатты ауаның айналмалы қозғалысы. Құйын атмосфералық қысымның айырмасынан туындайды
және алып ауа шұқырын білдіреді. Күшті құйындар ондаған шақырымды артқа тастайды және шатырларды ұшырады, ағаштарды тамырларымен жұлады, автомобильдерді әуеге көтереді, телеграф бағандарын лақтырады және үйлерді қиратады.

Тропиктік циклондар – әр жартышарда 5˚ және 20 ˚ ендіктер арасында төмендетілген қысым орталықтарының айналасында туындайтын құйындар (97-сурет). Тропиктік циклонның туындау себебі – жылы теңіз беткейінде төмен қысым аймағының қалыптасуы. Тропиктік циклон күшті найзағаймен, нөсер жауынның түсуі және қозғалыс жылдамдығы 10–12 км/сағ-ты құрайтын дауылды күшті желдермен, толқын биіктігінің артуымен қатар жүреді. Тропиктік циклонның ұзақтығы – бір-екі тәуліктен үш аптаға дейін. Тропиктік циклондар сұрапыл күшпен соғады.

