АТМОСФЕРАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚАБАТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Атмосфераның газ құрамы және оның мәні.     

Атмосфера – Жер ғаламшарын қоршап тұрған ауа қабықшасы. Атмосфераның ішкі қабаты гидросфераны және ішінара жер қыртысын жабады. Сыртқы қабаты ғарыш кеңістігінің Жер төңірегіндегі бөлігімен шектеседі. Азот  – 78%, оттегі – 21%, инертті газдар (аргон) – 0,94%, көмірқышқыл газы – 0,03% – атмосфера ауасының негізгі т. б. газдары, сондай-ақ ауа құрамына су булары мен қоспалар (тозаң, мұз кристалдары, теңіз тұздары)  – 0,03% кіреді. 1756 жылы орыс оқымыстысы М.В.Ломоносов металды тескен жағдайда ол жерге ауа жиналатынын аныктаған. 1774 жылы француз ғалымы А.Лавуазье ауаның құрамдас беліктерін зерттеп, оларға атау берген.

Азот – атмосфераның негізгі газы және оттегі бөлетін өсімдіктердің тіршілігін қолдау үшін қажет.
Оттегі – таралуы жағынан атмосферадағы екінші газ, биосфера үдерістерінде маңызды рөл атқарады. Оттегі тірі организмдер тарапынан тыныс алу үшін пайдаланылады, органикалық зат (ақуыз, майлар, көмірсулар) құрамына кіреді. Жану және қышқылдану үдерістерін демейді. 
Ал оттегіден түзілетін газ – озон Күннің тіршілікті жоятын ультракүлгін сәулелерін тежейді. 

Көмірқышқыл газ - күн энергиясын өткізетін және жылулық сәулеленуді тежейтін бірегей қабілетке ие.ол – фотосинтез барысында органикалық зат жасауға арналған негізгі құрылыс материалы. Осылайша Жерді салқындаудан қорғап, оның ерекше жылу «жамылғысы» болады.

     Ауа температурасы, қысымы және құрамына қарай Жер атмосферасы тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера қабаттарына бөлінеді. Көрші қабықшалар арасындағы атмосфераның аралық аймақтарын тропоүзіліс, стратоүзіліс және мезоүзіліс деп атайды.

Тропосфера деп аталатын атмосфераның төменгі бөлігі – қасиеттері мен құбылыстары жағынан ең алуан түрлі қабат.  Осы қабатта жоғары температура төмендейді және көтерілген әрбір шақырым сайын орташа есеппен 6°Сқа төмендейді. Сондықтан атмосфераның бұл қабаты адам мен тірі организмдердің тіршілігі үшін – басты сфера. 

Тропосферадан 50-55км биіктікте стратосфера қабаты орналасқан. Стратосферада ауаның 20%-ы бар, ауа сұйылтылған, су буы жоқ дерлік. Сондықтан бұлттар мен жауын-шашындар пайда болмайды.  Бұл 20 шақырымнан 30 шақырымға дейінгі биіктікте Күннің ультракүлгін сәулелерін жұтатын озонның (озон қабаты) шоғырлануымен байланысты.

Стратосфераның үстінде шамамен 50–80 км биіктікте мезосфера қабаты созылып жатыр. Ауа тығыздығы Жер бетіндегіге қарағанда 200 есе аз, ал аспанның түсі қара болып көрінеді және күні бойы жұлдыздар байқалады.  Температураның жылдам төмендеуіне байланысты турбуленттілік қатты дамыған және мұзды кристалдардан тұратын күміс түстес бұлттар пайда болады.

Термосфера 80 және 800 км биіктіктер арасында орналасқан. 100 км биіктікте температура шамамен 0°-қа тең, 150–200 км қабатта 500°-қа 
дейін жетеді, ал 500–600 км биіктікте 1500°-тан асады. Жоғарғы термосферада температура 2000°-қа дейін жетеді.

 800–1000 шақырымнан жоғары атмосфера қабаттары экзосфера немесе шашырау сферасы деп аталады. Өйткені мұнда газ бөлшектері үлкен жылдамдықпен қозғалады және ғарыш кеңістігіне шашырай алады.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын көру үшін жүйеге кіріңіз